ШҚООқиғаТОПШҚО

ВИДЕО: ШҚО-да көлік аударылды

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасы болып, көлік аударылды, деп хабарлайды Semey News.

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев даңғылы бойында, “Валентина” СҮ ауданынанда сағат 22:00 шамасында болған. 21 жастағы NISSAN маркалы көліктің жүргізушісі ара-қашықтықты сақтамай, жаяу жүргіншілер өтетін аймақтың алдында PEUGEOT маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Тиген соққыдан кінәлінің көлік құралы аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ, материалдық шығын келтірілді.

  • Аталған факті бойынша ҚР ӘҚК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 20 АЕК айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады, – деді ШҚО ПД.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button