Бүгінгі сайыста Қазақстан атынан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер жарысқа шығады.
Сонымен, қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі мынадай:
09:15 – 100 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу кезеңі Ольга Сафронова
16:05 – Үш аттап секіру. Әйелдер. Іріктеу кезеңі Мария Овчинникова, Ирина Эктова, Ольга Рыпакова.
Айта кетсек, сағат 05:35-те басталған академиялық ескек есу бойынша ерлер финалында D финалы аяқталды. Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев 7:03.37 уақытта жүзіп өтіп, 19-орынға табан тіреді.
Еске салайық, бүгінде Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медальді еншіледі.
Semey News