Семейдің әкімі Бақытжан Байахметов әлеуметтік желідегі парақшасында “Жаңа мешіт аумағын абаттандыру жұмыстарын тексердім. Бұл жерде суару жүйесін ретке келтіру, жарамсыз төсемдерді ауыстыру және жекелеген учаскелерде көгалдандыруды ұйымдастыру қажет”, – деп көрсеткен.
Сонымен қатар, қала әкімі биылғы жылы мешіттің солтүстік жағынан жер үсті өткелінің құрылысын бастау жоспарланғанын айтып өтті.
– Бұл өте өзекті мәселе. Қалалықтар бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі жазады. Ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігі, – дейді Бақытжан Байахметов,
Қазір құрылысқа қатысты конкурстық рәсімдер өткізіліп жатыр. Техникалық және авторлық қадағалау компаниялары анықталды. Тамыз айының басында негізгі мердігерлік ұйым анықталады.
Semey News