СемейТОП

Құрметті Семей қаласының жастары!

Қала дамуына үлес қосып жүрген белсенді, талантты, еңбекқор және бастамашыл жастарды анықтау мақсатында «Жыл таңдауы – 2026» байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Бұл – өз еңбегіңіз бен жетістіктеріңізді көпшілікке танытып, қоғамға қосқан үлесіңізді көрсетуге және жыл үздігі атануға тамаша мүмкіндік!

Байқау 7 номинация бойынша өткізіледі:
• «Үздік ерікті»;
• «Адал азамат»;
• «Үздік жастар ұйымы»;
• «Үздік көшбасшы»;
• «Үздік жас қаһарманы»;
• «Үздік жас еңбек адамы»;
• «Үздік жас отбасы».

Байқауға кімдер қатыса алады?
Семей қаласының аумағында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары.

Қажетті құжаттар:
• Өмірбаян (қысқаша жеке мәліметтер мен жетістіктер);
• Қолдаухат (ұйымнан немесе жетекшіден);
• Үміткердің еңбегі мен жетістіктерін растайтын материалдар (шығармашылық жұмыстар, жобалар, марапаттар, БАҚ-тағы жарияланымдар, фотосуреттер, бейнематериалдар және т.б.).
Барлық материалдар портфолио түрінде ұсынылуы қажет.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін.

Құжаттар Семей қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 159 мекенжайында орналасқан «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде қабылданады.

Анықтама телефоны: +7 747 135 23 17

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Жетістігіңізбен бөлісіп, өзгелерге үлгі болыңыз!

Осы айдарда

Back to top button