Сайлау

Кандидат Қайырлы Қасенов Ойшілік ауылының мектеп ұжымымен кездесті

Абай облысының №10 бірмандатты аумақтық сайлау округінен кандидат Қайырлы Қасенов Ақсуат ауданына қарасты Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті. Жиын барысында білім беру саласының жағдайы, ауылдағы интернет сапасы және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Бүгінде мектепте 321 оқушы білім алады. Кездесу кезінде ұстаздар білім ордасы ғимаратының ескіргенін айтып, мектептің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығын дамыту, шағын кәсіпорындар ашу және Қарғыба ауылындағы интернет сапасын арттыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу барысында Қайырлы Қасенов «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген жеке бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, білім беру саласында 2031 жылға дейін облыста 5 200 орындық 8 мектеп салу, қолданыстағы білім беру нысандарын жөндеу, жаңа пәндік және STEM кабинеттерін ашу жоспарланған.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 626 жеңілдетілген несие беруге жәрдемдесу, 164-тен астам кәсіпкерді жеңілдетілген кредитпен қамтамасыз ету және 1 620 кәсіпкердің несие мөлшерлемесін субсидиялау міндеттері қамтылған.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында ауылдарды спутниктік және талшықты-оптикалық интернетпен қамту, ұялы байланыс желісін жетілдіру мәселелері де қарастырылған.

Кездесу қорытындысында ауылдардың тұрақты дамуы білім беру, цифрлық байланыс және кәсіпкерлік салаларындағы мүмкіндіктермен тығыз байланысты екені атап өтілді. Тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері алдағы жұмыста ескерілетін болады.

*№10 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қайырлы Қасеновтың сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button