Абай облысыСайлауТОП
Абай облысындағы учаскелердің Құрылтай сайлауына дайындығы қалай
Абай облысында Құрылтай сайлауында 401 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Бүгінгі таңда Абай облысында 464 сайлау учаскесі құрылған. Оның ішінде 429 сайлау учаскесі азаматтардың тіркелген тұрғылықты жері бойынша, 35 сайлау учаскесі тұрғындардың уақытша болатын орындарында. Бұл туралы Kazinform тілшісінің сауалхатына жауап берген Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнара Жігітбаева мәлім етті.




