
Өрт салдарынан сұйық отын сақталған бірнеше қойма жарылды. Атылған цистерна ондаған метр қашықтықтағы жанармайдың бағасы жазылған стелланы қиратқан. Куәгерлердің айтуынша, 5 рет күшті жарылыстың дыбысы естілген. Қою қара түтін бірнеше шақырымнан көрінген. Бекетті иеленген компания өкілінің айтуынша, өрт көліктердің біріне жанармай құйған кезде шыққан. Нәтижесінде бір жүк көлігі мен жанармай тасушы көлік жанып кетті. Жарақат алған бес адам ауыр хәлде. Оқиға орнына бірінші болып келген екі өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді. 1,2 мың шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді, тұрғын үйлерге тарау қаупі жоқ.
Ресей тергеу комитеті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Semey News