Абай облысыҚоғамТОП

Бесқарағай ауданында «Ғашықтар» саябағы ашылды

Бесқарағай ауданы орталығындағы Мұхтар Әуезов көшесінің бойында жаңа «Ғашықтар» саябағы ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 440 шаршы метр жерге қоршау орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолына терек ағашы мен 10 көк шырша көшеті отырғызылды.

Алаңда көпір мен жүрек түріндегі шағын архитектуралық пішін, сәндік орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Сондай-ақ, саябақ қуаты 150 Вт болатын 6 шаммен жарықтандырылған.

Жаңа «Ғашықтар» саябағының ашылуында жастар некесін қиды. Ал оларға жақында ғана «Алтын той» тойлаған Жетіжар ауылының құрметті азаматтары ақ батасын берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button