Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласының тұрғындары белгіленбеген жерге қоқыс төгуді жалғастыруда

Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын таңертең тұрақты түрде қаланың санитарлық  тазалығы бойынша кәсіпорын басшыларымен тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Юность ауданының санитарлық тазалығы туралы көшпелі кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Екіайлық тазалық акциясы аясында 1 сәуір күні әкімдік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Юность ауданында сенбілік ұйымдастырылған болатын. Сенбілік нәтижесінде осы аумақтан 50-ден аса қап қоқыс,  палигонға шығарылып, аталған аудан түпкілікті тазартылды.

Алайда жақында ғана тазартылған жерде бүгін қоқыс шашылып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, кейбір тұрғындар белгіленбеген жерге қоқысты әдейі төгетін көрінеді. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жауапты бөлім басшысына Юность аумағына контейнерлар санын көбейтуді тапсырды.

Құрметті тұрғындар, белгіленбеген жерге қоқысты лақтырып кетуді доғарыңыздар. Сіздердің бұл заңсыз әрекеттеріңіз қатты тұрмыстық қалдықтар шығарумен айналысатын жұмысшылардың жұмысына кедергі жасайтынын, уақытты тежейтінін ескеріңіздер. Туған қаламызды таза ұстайық.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button