ҚазақстанТОП
Сарапшы: биылғы сайлау науқаны ашық саяси бәсекенің жаңа кезеңіне өтті
Биылғы сайлау науқанының алғашқы аптасы партиялар арасындағы саяси бәсекенің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Егер бұрын негізгі тартыс теледебаттар барысында байқалса, биыл ашық саяси полемика үгіт-насихат науқанының алғашқы күндерінен-ақ басталды. Бұл туралы «САЙЛАУ-2026: медиа және цифрлық платформалар» сараптамалық алаңында саясаттанушы Найла Мұхтарова мәлімдеді.



