Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Астанаға Абай облысынан 243 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді

26-27 қыркүйек күндері Астана қаласында Абай облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өңірлік жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге облыстың қалалары мен аудандарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, елорда тұрғындары мен қонақтарына 243 тоннадан астам өнім ұсынуда. Сауда сөрелеріне 20-ға жуық өнім түрі шығарылған.

Ет және балық өнімдері, құс еті, көкөніс, сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық, ұлттық және кондитерлік тағамдар, бақша өнімдері және басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары бар.

Өңірлік жәрмеңкеде Абай облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы бағамен ұсынып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button