
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Тарбағатай аудандық ПБ кезекші бөліміне Ақсуат ауылының 30 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылғы тамыз айының соңында белгісіз жағдайларда 2 бас ІҚМ жоғалғанын хабарлады. Келтірілген залал 600 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында шаруашылықта малшы болып жұмыс істеген 46 жастағы ер адам анықталды. Белгілі болғандай, ол жаюға сеніп тапсырылған жәбірленушіге тиесілі 2 бас ірі қара малды сатқан.
Күдікті жауап алу барысында мойындап, бұл қадамға мұқтаждықтан барғанын, ал түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 1-бөлігі бойынша- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – делінген ақпаратта.
Semeynews.kz