ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да бөтеннің малын сатып жіберген малшы ұсталды

Шығыс Қазақстанда малшы бөтеннің 2 ірі қара бас малын сатып жіберген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Тарбағатай аудандық ПБ кезекші бөліміне Ақсуат ауылының 30 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылғы тамыз айының соңында белгісіз жағдайларда 2 бас ІҚМ жоғалғанын хабарлады. Келтірілген залал 600 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында шаруашылықта малшы болып жұмыс істеген 46 жастағы ер адам анықталды. Белгілі болғандай, ол жаюға сеніп тапсырылған жәбірленушіге тиесілі 2 бас ірі қара малды сатқан.

Күдікті жауап алу барысында мойындап, бұл қадамға мұқтаждықтан барғанын, ал түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 1-бөлігі бойынша- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – делінген ақпаратта.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button