ШҚОҚоғамТОПШҚО

Көлік прокурорлары кірме жолдарды пайдаланғаны үшін тарифті төмендетті

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің жүктерді теміржолмен тасымалдау кезінде кірме жолдарды пайдаланғаны үшін тарифтерді негізсіз көтеру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Semey News.

«Табиғи монополиялар туралы» Заңға (бұдан әрі-заң) сәйкес бәсекелес кірме жол болмаған кезде оны ұсыну бойынша қызметтер көрсететін жолдың меншік иесі уәкілітті органға табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтініш беруге міндетті.

Осы тіркелімге енгізілмеген тұлғалардың осы қызметтерді көрсетуіне жол берілмейді.

Алайда «ТАБЫС TRADE» ЖШС темір жол жалғау жолдарының меншік иесі бола отырып, табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуде тұрған жоқ, сондай-ақ контрагенттерден өз жолдарымен жүргені үшін артық төлем алды.

Прокуратураның қабылдағаншараларымен осы ұйым табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Ульба ЖД» ЖШС тарифін 16,3%-қа төмендетті.

Осылайша, көлік прокурорлары 2 жыл бойы кірме жолдарды негізсіз жоғары тарифтер бойынша пайдаланған 18 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады. Аталған кәсіпкерлермен артық төлем сомасы қайта есептелді.

Бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу фактілері туралы Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасына (Өскемен қаласы, Увалиева көшесі,4) 8(7232)61-40-69 «жедел желі» телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button