БілімШҚОМәдениетТОПШҚО

ШҚО-ның Ақбауыр қорғанында табылған артефакттар ежелгі Қазақстан тарихына деген пікірлерді өзгертті

Жыл сайын Шығыс Қазақстанда археолог-ғалымдар ірі жаңа тарихи жаңалықтар ашуда. Міне жақында бір топ ғалымдар мен археологтар облысымызда ежелгі Қазақстан тарихы туралы пікірлерге түпкілікті өзгерістер енгізетін бірегей жәдігерлер тапты, деп хабарлайды Semey News.

Осы ғылыми сенсация Ұлан ауданының Ақбауыр археологиялық шағын ауданында Зейнолла Самашев жетекшілік жасайтын қазба жұмыстары барысында ашылды. Зерттеу жұмыстары «Алтай-Тарбағатай қола дәуірінен ерте орта ғасырларға дейін» жобасы бойынша жүргізілуде. Археологтар бес ірі мекенде, екі қоршауда, екі ежелгі өңдеулерде және жерлеу-мемориалдық сипаттағы нысандарда қазба жұмыстарын жүргізді. Ғалымдар осы нысандардың тарихи маңыздылығын анықтау мақсатында архитектурасына және  әртүрлі ғимараттардың жобалық ерекшеліктерін зерттеді.

 

Ең маңызды зерттеулердің бірі Ақбауыр тауы етегіндегі толықтай бір елді мекен желісінің бір хронологиялық кезеңге – ерте темір ғасырының басына жататыны.

Тарихи-археологиялық кешенде жасалған жаңалық, ежелгі Қазақстан тарихы туралы ойларды өзгертуге толық мүмкіндігі бар. Өйткені, қазіргі уақытқа дейін біздің ата-бабаларымыз тек көшпенді өмір сүрді деп келген. Қазба жұмыстарының арқасында археологтар, Ақбауыр жерінде бірнеше кварталдан тұратын егіншілер мен қолөнершілердің бір үлкен қонысы болған деген болжам жасауда.

Сонымен қатар, экспедиция жетекшісі Зейнолла Самашевтың айтуынша, аталған елді мекеннің басқа отырықшы орталықтармен макроэкономикалық байланыстары болуы мүмкін. Ежелгі сақтар тек көшпелі өмір салтын ұстанып, мал бағып қана қоймай, түрлі бұйымдар жасап, оларды алмастырумен айналысқан.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Ақбауыр жерінде болып зерттеу барысымен танысты. Ол бұл жаңалық біздің еліміздің ежелгі тарихы туралы пікірлерді өзгертетінін атап өтті.

  • Біз ата-бабаларымыздың эволюциялық даму кезеңдерін көзімізбен көріп тұрмыз. Металлургиялық және тау-кен өңдеудің бастамасын көруге болады. Біздің ата-бабаларымыз керемет кеншілер болғаны мақтаныш сезімін оятады. Сонымен қатар еңбек бөлісіндегі бірегей құбылысты байқауға болады. Біреулері егіншілікпен айналысса, енді береулері металл өңдеумен айналысқан. Бұл жерде өнеркәсіп кешендері, металл және егістік өнімдерін өңдеу цехтары, сүйекті өңдеп, тастан қару жасаған шеберханалар, қыш ыдыстарды күйдіретін пештер бар. Бұл, ата-бабаларымыз біздің заманымызға дейінгі ХІ ғасырда тек қана көшпелі өмір салтын ұстанып қоймай, сонымен қатар отырықшы өмір сүріп, жер өңдеумен айналысқанының керемет дәлелі, – деді Даниал Ахметов.

Ол табылған жаңалықтар жергілікті, тіпті шетелдік туристерді тартатын жаңа туристік кластер болатынын айтып өтті. Жақын арада бірегей ерте қалашықты шыны күмбезбен жауып, үлкен көрме залын жасау жоспарлануда. Әзірше зерттеу жұмыстары жалғасуда, ал далалық зертханада табылған археологиялық материалдар – ірі көлемдегі қыш ыдыстардың  сынықтары, тас өнімдері, сүйектен және металлдан жасалған бұйымдар өңделуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button