ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 29 маусым күнгі соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан – 26, коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 30 маусымы аралығында: Қазақстанда коронавирус індетінің – 425 573 оқиғасы, 4375 өлім жағдайы; коронавирус пневмониясының 57 113 дерегі, 3449 өлім фактісі тіркелді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, соңғы бір тәулікте коронавирусты – 2436, пневмонияны (29 маусымдағы мәлімет) 88 адам жұқтырған.
Semey News