Сайлау

Кандидат Марат Серікболұлы Электротехникалық колледж ұжымымен кездесті

Семей қалалық мәслихатының №18 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат Марат Серікболұлы алғашқы кездесуін Электротехникалық колледж ұжымымен өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру саласындағы басым бағыттар мен өңірдің өркендеу мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Жиын барысында колледж қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды. Марат Серікболұлы қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдап, бірқатар мәселелер бойынша ашық пікір алмасу жүргізді.

Кандидаттың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауға, сондай-ақ қала мен ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.

*№ 18 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Марат Серікболұлының  сайлау қорынан төленді

Осы айдарда

Back to top button