Абай облысыТОП

Абай облысында шомылу маусымы қорытындыланды

Абай облысында шомылу маусымы аяқталды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Жамбыл Джабаев мәлімдеді.

Жамбыл Джабаевтың мәліметінше, өңірде шомылуға арналған 16 орын белгіленген. Маусым басталғалы облыстың су айдындарында, өкінішке қарай, 12 адамның суға батуы тіркелді, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала бар. Сонымен қатар 26 адам құтқарылды, оның 7-еуі бала.

Судағы қайғылы жағдайлардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарын сақтамауға және жабдықталмаған жерлерде шомылуға байланысты.

— Профилактикалық жұмыстарға 100-ден астам құтқарушы жұмылдырылып, 17 мобильді және 30 жаяу патруль ұйымдастырылды. Рейдтер барысында қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға қатысты 88 әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Жамбыл Джабаев.

Алдағы аңшылық және балық аулау маусымына байланысты құтқарушылар тұрғындарға, әсіресе ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты су айдындарында жұқа мұз қату қаупі артады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button