Семей

Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, «Отбасы банк» АҚ және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үй, жол жөндеу, абаттандыру, қоқыстар және жер мәселесіне қатысты сұрақтар көтерілді.

Қала басшысы азаматтардың өтініштерін тыңдап, мәселелерді шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндірді. Және тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Осы айдарда

Back to top button