
Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Сенбілік барысында қала көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, шашылған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, арықтар мен аулалар ретке келтірілді.
Экологиялық акцияға қала тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдары және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысуда. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қаланың көркеюіне үлес қосу.
Қала тұрғындарын тазалық акциясына белсенді атсалысып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз!



