Абай облысыТОП

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Жаңасемей ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының елді мекендерді толық ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.

2025 жылы Алғабас, Ақбұлақ, Половинки, Гранитный және Шаған кенттерінде су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде тұрғындар орталықтандырылған ауыз суға қосылды.

– Талица ауылында су желілерінің құрылысы толық аяқталды, қазір іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Приречный елді мекенінде су желілерін жаңарту жобасы келесі жылға өтпелі болып белгіленді. Сонымен қатар Шақаман ауылындағы су құбырын жаңарту жобасы бойынша құжаттарға түзету енгізіліп, сараптамаға жіберіледі, – деді Нұржан Әбдікәрімов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button