Абай облысыТОП

Cемейде ұландықтар колледж студенттері үшін ашық есік күнін өткізді

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5511 әскери бөлімі Семей қаласындағы геологиялық барлау колледжінің студентеріне арнап ашық есік күнін ұйымдастырды. Шара мақсаты – білім алушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру. Іс-шарада арнайы меймандар үшін әскери бөлімнің саптың алаңында заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды. Жергілікті оқу орын студенті Темірлан Ержанов қызықтырған броньді кеудеше. Ол аталмыш арнайы қорғаныс костюмін киіп, өзін бір сәтке минасыздандыру саласының маманы ретінде сезініп көрді. Жоғары оқу орыны студенті күні ертең ел шекарасын күзеткісі келетіндігін де жасырмай баян етті. Білім алушылар ашық есік күні аясында казармадағы үй-жайларды аралап, әскери асхананы тамашалады. Ауқаттану нысанында олар сарбаздарға арналған ас мәзірімен танысты.

– Оқ пен оттың арасында арпалысқан бабалар ерлігі ұрпақ жадында мәңгілік жаңғырту біздің межелі мақсатымыз болып табылады. Тағылымды шара аясында колледж студенттері әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери – патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады, – дейді 5511 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Арман Абдрасулов.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button