Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Облыс әкімі Мақаншы ауылындағы құрама жем өндіру зауытының құрылысымен танысты

Мақаншы ауылында салынып жатқан құрама жем өндіру зауыты инвестициялық жобасының жалпы құны – 7 млрд теңге. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпорын биыл іске қосылады деп жоспарланып отыр. Зауыт жылына 1000 тонна құрама жем, 1000 тонна бидай өңдеу, 1000 тонна күнбағыс дәнін тазалау, 300 тонна майлы дақылдар өңдеу және 300 тонна май өндіру мүмкіндігіне ие болады. Кәсіпорында 120 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Өндірістен тазартылған күнбағыс майы және өзге де өнімдер шығарылып, ауыл шаруашылығы мен аудан экономикасының дамуына тың серпін бермек.

«DI-NUR» ЖШС директоры Серік Рамбаев облыс әкіміне зауыт қуаттылығын арттыру үшін қосымша электр энергиясы қажет екенін айтып, осы мәселені шешуге көмектесуді сұрады. Аймақ басшысы аталған жобаның аудан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

Бұл зауыт іске қосылғанда өңірде мал шаруашылығы өнімділігін арттыруға, аграрлық саланың дамуына тың серпін береді. Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жобаның жүзеге асуы үшін әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі. Электр энергиясы мәселесін шешуді Энергетика басқармасына тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

Мақаншы ауданында жалпы құны 21 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жоспарланған. Аталған жобалар ауданда ауыл шаруашылығының дамуына, жұмыс орындарының ашылуына және өндіріс көлемінің артуына ықпал етпек. Бұдан бөлек ауданда жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын, 228 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 3 жоба жүзеге асырылуда.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button