БілімҚазақстанТОП

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініш 18 маусымнан бастап қабылданады

Кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, деп хаюбарлайды Semey News informБЮРОға сілтеме жасап.

18 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу басталады. Тест тапсыратын қаланы үміткер өзі таңдай алады. Ал кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Өтініштер тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 3 блоктан тұрады:

шет тілі бойынша тест;
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Ескерту: шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты барлар шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8 292 теңге. Төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button