ТОПШҚО

Қар барысы күндіз фототұзаққа түсіп қалды – ШҚО

Алтайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Фототұзақты мамыр айында ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің аға ғылыми қызметкері Владимир Воробьев орнатқан. Жақында құрылғыны тексеруге барған ол тосынсыйға тап болғанын айтады.

 

– Қар барысы бұл аймақта бірнеше жылдан бері байқалмап еді. Теңбіл тағы ҚР Қызыл кітабына және IUCN қызыл тізіміне (Red List IUCN) енгізілген. Ол тек 12 елде ғана кездеседі. Бұрын мамандар Сарымсақты жотасынан барыс іздерін шалып қалатын. 1991 жылға дейін мұндай оқиға бірнеше рет болған. Түз тағысы соңғы рет 2008-2009 жылдары ғана «көзге түскен», – дейді бөлім басшысы Әлия Ғабдуллина.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button