Абай облысыҚұрылысТОП
Көкпекті ауданында әлеуметтік осал топтарға арналған 58 тұрғын үй салынып жатыр

Көкпекті ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 58 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл жоба 2025 жылы кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту аясында жүзеге асырылып отыр.
Құрылыс жұмыстары атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар арасында жасалған меморандум негізінде жүргізілуде. Әр пәтердің ауданы – 85 шаршы метр.
Құрылыс Көкпекті, Үлгілімалшы және Преображенка ауылдарында жүргізілуде. Көкпекті ауылында 25 екі пәтерлі үй салынып жатыр. Ал Үлгілімалшы және Преображенка ауылдарында 2 екі пәтерлі үй салынуда.
Барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ