Алғаш рет Аягөз қаласында білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді

Алғаш рет Аягөз қаласында, Абай облысы ДСБ «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да білек сүйектерін остеосинтездеу бойынша жоғары технологиялық операция сәтті жүргізілді.
59 жастағы науқас баспалдақтан құлағаннан кейін сол жақ білектің қатты ауырғанына шағымданып, шұғыл түрде келіп түсті. Дәрігерлер сәуле сүйегінің ортаңғы үштен бірінің және шынтақ сүйегінің төменгі үштен бірінің жабық ығысқан сынығын анықтады.
Алдын ала дайындықтан кейін жалпы анестезиямен және қазіргі заманғы С-доға ұтқыр рентген аппаратын пайдалана отырып, операция жасалды: сәулелік сүйектің сүйектік блокталатын остеосинтезі және шынтақ сүйегінің сүйек ішіндегі блокталатын остеосинтезі. Операцияны травматолог Байтереков Олжас Сүндетбекұлы сәтті өткізді.
Науқас медициналық ұжымға шынайы алғысын білдірді:
Мен қаламызда осындай күрделі операциялар жасалуы мүмкін деп ойламаған едім. Доктор Бәйтерековке және бүкіл командаға үлкен рахмет айтқым келеді. Олардың арқасында мен өзімді жақсы сезінемін , – деді ол.
Хирург та өз пікірімен бөлісті:
Біздің команда үшін бұл жауапты міндет болды және біз бәрі сәтті өткеніне қуаныштымыз. Мұндай операциялар жоғары дәлдікті және заманауи техниканы талап етеді – осының бәрі бізде бар. Біз Аягөз ауданының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету үшін жаңа әдістерді енгізуді жалғастырудамыз , – деп атап өтті Олжас Бәйтереков.
Остеосинтез – сынықтарды дұрыс біріктіру үшін металл конструкциялардың (пластиналар, бұрандалар, өзектер) көмегімен сүйектерді бекітудің хирургиялық әдісі. Мұндай технологиялар осы жағдайдағыдай күрделі жарақаттар кезінде ерекше маңызды.
Операция 1,5 сағатқа созылды, қазір науқас өзін жақсы сезінуде. Құны 680 000 теңгеден асатын мұндай операция МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға тегін беріледі , – деп толықтырды Олжас Бәйтереков.
Білектің сынуы жарақаттардың айтарлықтай үлесін құрайды, әсіресе ересек адамдар арасында. Остеосинтездiң қазiргi заманғы әдiстерiн қолдану асқыну қаупiн едәуiр төмендетедi және қалпына келтiрудi жеделдетедi. Бұл операцияның сәтті өтуі қала үшін маңызды оқиға ғана емес, сондай-ақ жергілікті дәрігерлердің жоғары деңгейдегі даярлығының тағы бір дәлелі болды.
Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы озық технологияларды белсенді енгізуде. Медициналық мекеме 200 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.