Абай облысыБілімТОП

SHAKARIM UNIVERSITY ЖӘНЕ NWAFU. АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

Шетелде білім алғыңыз келе ме? Бұл оңай! Ол үшін бір ғана қадам жасауыңыз қажет! Shakarim University-ге түсу. Неліктен? Түсіндірейік: университет бірегей  қос дипломды білім алу мүмкіндігін береді.

Shakarim University студенттері Қытай Халық Республикасының жетекші аграрлық университетінде оқып, ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алады.

Shakarim University халықаралық ынтымақтастықты нығайту, білім және ғылым шекараларын кеңейту жолында жұмыс істеп келеді. Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасымен ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық бастамасы аясында бүгін, 24 наурызда Shakarim University мен Northwest A&F University (NWAFU, Қытай) арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою рәсімінде Northwest A&F University (Қытай) атынан университет ректоры Wu Pute, вице-ректор MaChuang, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу кеңсесінің директоры WangXiaolong, Агрономия факультетінің деканы LiXuejun, Зоотехника және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің деканы Jiang Yu, Ландшафттық сәулет және өнер факультетінің деканы Gao Tian және Халықаралық ынтымақтастық және алмасу кеңсесінің орынбасары ZouYufeng қатысты. Shakarim University делегациясы құрамында ректор Думан Орынбеков, интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай, Ғылым департаменті директорының орынбасары Ерназ Ермеков, Мал шаруашылығы саласы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының жетекшісі Гүлім Камзина болды.

Меморандум нені қамтиды?

  • «Мал шаруашылығы» мамандығы бойынша қос дипломды магистратура бағдарламасы.
  • Қытайдың жетекші аграрлық университетінің ғылыми-зерттеу ресурстарына қол жеткізу.
  • Алмасу бағдарламалары, тағылымдамалар, халықаралық ғылыми жобалар.

Shakarim University ректоры Думан Орынбеков қол қою рәсімінде келісімнің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті:

 Ынтымақтастық келісімдерді бекіту Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану жөніндегі ұлттық басымдықтарға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы және аграрлық инновациялар саласындағы білім және технологиялармен алмасу студенттер мен ғалымдарға мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бірлескен жобаларға терең қызығушылық танытып отырған қытайлық әріптестерімізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз ғылым мен білімде шекара жоқ екеніне тағы бір рет көз жеткізіп отырмыз. Ал Northwest A&F University-мен серіктестік біздің студенттер мен оқытушыларға әлемдік ғылыми ортада жұмыс істей отырып, озық технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, бүгін ұзақ мерзімді, тиімді серіктестіктің негізі қаланды, – деді ректор.

Еске сала кетсек,  2025 жылы 14 наурызда өткен  Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев өңірлік экономиканы дамыту маңыздылығын атап өткен болатын

Осы айдарда

Back to top button