Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылық техникалары жаңартылуда

Биыл Ақсуат ауданындағы шаруа қожалықтарына лизинг арқылы жаңа техникалар сатып алынады. Бұған арнайы жоспар жасалып, бекітілген. Ауданға 60 трактор, 60 қосалқы агрегат алу жоспарланып отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның облыстық филиалы лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алуға құжат қабылдауды бастағанын хабарлады. Қазір Құмкөл, Кіндікті және Қызылкесік ауылының 5 шаруа қожалығы бір трактордан сатып алу үшін құжат тапсырған.
2025 жылдың қаңтар – ақпан айында Ақсуат ауданы бойынша лизинг арқылы «Беларус» маркалы төрт техника алынды. Бір шаруа өз қаражаты есебінен YTO-904 тракторына қол жеткізген. Сондай-ақ кәсіпкерлер 59 миллион теңгеге 5 жаңа трактор, 9 миллион теңгеге 3 қосалқы агрегат әкелген.

Айта кетейік, Ақсуат ауданы 2023 жылы лизинг арқылы 27 ауыл шаруашылығы техникасын, 2024 жылы 46 трактор сатып алған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button