Абай облысыТОП

Заманауи тәсіл: Абай облысында дрондар иесіз жайылған малды анықтауда

Абай облысында жолдардағы қауіптің бірі саналатын иесіз жайылған мал мәселесі заманауи технологиялар арқылы шешілуде. Өңір полицейлері дрондарды пайдалана отырып, жол бойында немесе автожолдарда бей-берекет жайылған малдарды анықтау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Бұл “ұшқыш инспекторлар” жоғары дәлдіктегі камералармен жабдықталған, олардың көмегімен малдың тұрған орнын анықтап, деректер патрульдік қызметтерге дереу беріледі.

Мысалы, Жаңасемей ауданында инспекция жүргізу барысында полиция қызметкерлері 40 жылқыны айып тұрағына орналастырды.

Иесіз мал Семей – Өскемен және Омбы – Майқапшағай сияқты қарқынды қозғалысы бар трассаларда жиі жол-көлік оқиғаларына себеп болады.

Заманауи технологиялардың көмегімен осындай қауіптерді азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға қол жеткізілуде.

Статистика бұл тәсілдің тиімділігін дәлелдейді: жыл басынан бері 11 мыңнан астам мал арнайы қораларға орналастырылып, 3,5 мыңнан астам мал иесі мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дрондарды қолдану және полицияның жүйелі жұмысы тек оқиғалардың алдын алуға ғана емес, мал иелерінің жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Технологиялар мен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс өңір жолдарын баршаға қауіпсіз ете алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button