Абай облысыТОП
Абай ауданында жол жөндеу жұмысы аяқталды
Тоқтамыс ауылына апаратын жолдың 10 шақырымына орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Жоба аясында асфальт төселіп, қазір жол жиектерін нығайту жұмыстары жалғасуда. Мердігер – «Семей жолдары» ЖШС, деп хабарлайды Semeynews.kz
Сондай-ақ Тоқтамыс ауылы бағытындағы 6-11 шақырым (5 шақырым) учаскесінде аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеуге ведомстволық сараптама қорытындысын қабылдау аяқталды. Бүгінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік қаржыландыруға өтінім беріліп, қаржы бөлінді. Жол жөндеу 2025 жылы аяқталады деп көзделген.
Сонымен қатар 2024 жылы «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» облыстық маңызы бар автомобиль жолында ұзындығы 20 шақырымды құрайтын екі учаскеде: 198-ден 208-ге дейін және 208-ден 218-ге дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.
2024-2025 жылдары «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» автожолының 84-99 шақырымы аралығындағы ұзындығы 15 шақырымдық учаскеге орташа жөндеу жоспарланған.