Абай облысыТОП
Жаңасемей ауданының тұрғындары қайтарымсыз грант алды
Шүлбі кентінің қос тұрғыны жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттың арқасында өз кәсіптерін бастады. Снежана Оспанбаева «Отбасы» атты шағын наубайхана ашса, Гүлнұр Жанболатова отбасымен бірге салмақты «бронза 708» күркетауығын өсіруді қолға алды.
Көп балалы отбасылар 2024 жылдың тамыз айында халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.
Жоба аясында наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар, 40 аналық және 10 аталық күркетауық сатып алынып, арнайы жабдықталған инкубатор мен брудер орнатылды.