СемейТОП

Семейде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің жиыны өтті  

Семейде мектептер мен колледждердің алғашқы әскери дайындық пәнінің 50-ден астам оқытушыларымен оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz

Жиын «Шығыс» өңірлік қолбасшлығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаевтың басшылығымен өтті.

Әскери бөлімдердің тәжірибелі нұсқаушылары алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен патриоттық тәрбие, мемлекеттік – құқықтық, саптық, дене және атыс дайындықтары бойынша сабақтар өткізді. Сонымен қатар болашақ отан қорғаушыларды әскерге дұрыс дайындау әдістемесіне басты назар аударылып, қазіргі уақытта мерзімді қызметін өткеріп жүрген сарбаздарға арналған жеңілдіктер мен мүмкіндіктер талқыланды.

Еліміздің келешегі – жастарды әскерге дайындау, отансүйгіштікке баулу, патриотизмдік сезімін ояту бойынша әскери құрылымдар тарапынан белсенді әрі маңызды жұмыстар атқарылуда. Өткізіліп жатқан жиында оқушыларды әскерге біркелкі дайындау әдістемесі қарастырылып, сол сабақтарды өткізетін пән мұғалімдерінде біркелкі тәжірибелік әдістеме қалыптастыру көзделген, – деді №5 көпсалалы гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Серік Түсіпов.

Жиын соңында жастардың патриоттық тәрбиесін көтеру бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды кешенді жоспарлап, нақты нәтижелерге көз жетуге арналған айқын бағыттар анықталды.

Semeynews.kz

 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button