Абай облысыТОП

Абай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Биыл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге баса назар аударуда.

Осыған орай бүгін Абай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары және қоғам белсенділері қатысты.

Жиында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды. Комиссияның басты мақсаты – әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау.

Сонымен қатар, жастар арасындағы лудомания, есірткіге әуестік сынды зиянды әрекеттерді алдын алу керектігі туралы айтылды. Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев қала мен аудан әкімдерінің орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді.

Жиын соңында Аналар кеңесі құрамында белсенді жұмыс істеп, қоғамның дамуына және өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи мен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың алғыс хаттары табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button