Семей

Қала күніне орай жарқын мерекелік бағдарлама дайындалды

Биылғы қала күні – ерекше форматта, үш күнге созылатын думанды шаралармен атап өтіледі.

Мереке барысында барлық жастағы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған әртүрлі мазмұндағы іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында ретро әуендер мен көңілді ойын-сауыққа толы «Retro Fest» фестивалі, «Туған қала көрінісі» атты суретшілер байқауы, әрі қаламыздың көрікті орындарын көше театрларының қойылымдары арқылы тамашалауға болады. Сонымен бірге, Дәрігерлер сквері мен Бейбітшілік алаңындағы жаңартылған қоғамдық кеңістіктер көпшіліктің игілігіне беріледі. Бұдан бөлек, «Заря» ауданында жаңадан салынған заманауи №50 AI Semey мектеп-лицейі» мен сол жағалаудағы «Белсенді ұзақ өмір» орталағының филиалының салтанатты ашылуы өтеді. Бұдан бөлек, “Семей батыры” спорттық сайысы мен «ARB SEMEY» лигасы аясында ашық алаң шайқасы командалық турнирі өтеді. Семей қаласы кубогына орай “Jaidarman” ойындарын ұйымдастыру жоспарланған.

Қала күнін мерекелеу қарсаңында Семей өңірінен шыққан танымал ақындардың «Семейден ескен самал» анталогия кітабының тұсаукесері өтеді.

Негізгі концерттік бағдарламаның шарықтау шегі 22 қыркүйек күні сағат 19:00-де болады. Ашық аспан астындағы (Open-Air) концертте жарық шоуы мен арнайы эффектілердің сүйемелдеуімен танымал эстрада жұлдыздары Il’Han, DJ Ahmetov, Ғазизхан Шекербеков, Азиз Балтабекұлы және Мирас Жүгінісов мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді. Бұл мерекелік кешті әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы мен танымал блогер Dake ZZZ жүргізеді. Кештің финалы мерекелік отшашумен аяқталады.

Сондай-ақ, түрлі тақырыптағы көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, балалар ойын алаңдарының ашылуы және көптен күткен пәтер кілттерін табыстау рәсімдері де осы мерекелік күндер аясында жүзеге асырылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button