Абай облысыТОП

Жыл басынан бері Абай облысының 100 000-нан астам тұрғыны ЭЦҚ алды

Абай облысының ХҚКО-ларында сұранысқа ие қызметтердің бірі электрондық цифрлық қолтаңба алу болып табылады. Ағымдағы жылдың 8 айында бұл қызмет 104 507 рет көрсетілді.

ЭЦҚ бұл жеке немесе заңды тұлғаның жеке қолы, ол тек меншік иесінде сақталуы тиіс. ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Сіз өзіңізбен бірге тек куәлік пен смартфон алуыңыз керек. Сонымен қатар, қолтаңбаны сақтау үшін флэшка қажет болуы мүмкін.

Заңды тұлғаның ЭЦҚ-сын алу үшін мынадай тәртіпті білу қажет: ХҚКО-да қызметті алу үшін басшы не қызметкер мөрмен расталған және сайтта бар белгіленген үлгі бойынша жасалған сенімхатпен жүгінуі тиіс. Сонымен қатар, кәсіпорынның мөрі болуы керек. Айтпақшы, заңды тұлғадан ЭЦҚ алуға өтінішті алдын ала да, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында да жасауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЦҚ 2008 жылы енгізілген болатын. Оны алу процесі қазақстандықтар үшін жыл сайын жетілдіріліп, жеңілдетілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button