Абай облысыТОП

Үржар ауданында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр

Үржар ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев экономикалық тергеу департаментінің басшысы Нұрлан Кәрімовпен бірге тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Биыл ауданның 12 елді мекенінде бір қабатты екі пәтерлі 41 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл жалпы ауданы 5730 шаршы метр болатын 82 пәтерді құрайды. Үржар ауылында осындай 19 үй салынуда, бұл жалпы ауданы 2 590 шаршы метр болатын 38 үй. Оның ішінде 85 шаршы метрлік алты пәтерлі үш үй, ал 65 шаршы метрлік 32 пәтерлі 16 үй кіреді. Құрылысты аяқтау 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Сапар аясында Нұрлан Ұранхаев ауданды дамытудың бас жоспарына сәйкес салынатын болашақ нысандардың орналасу орнымен де танысты. Негізгі жобалардың қатарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Мәдениет сарайы, балабақша құрылысы, сондай-ақ орталық қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Бүгінде №1 орталық қазандыққа сегіз нысан қосылды, оның ішінде көппәтерлі үш тұрғын үй 87 абонентке қызмет көрсетеді. №2 қазандық төрт нысанға, оның ішінде 90 абоненті бар үш көпқабатты үйге жұмыс істейді.

Сондай-ақ облыс әкімі «SmartBild» ЖШС жұмыс жүргізіп жатқан Арбатты абаттандыру барысымен танысты. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыста тексерілді. Ауыспалы жобаның мердігері – «Алау» ЖШС.

Аймақ басшысы аудан әкімі мен мердігерлерге барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырып, әлеуметтік маңызы бар нысандарда жұмыс кестесі мен сапасын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button