Абай облысыТОП

Еліміздің әскерін қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне бейімдеу аса маңызды

Абай гарнизонына қарасты 30217 әскери бөлімі «Шығыс» оқу жаттығу полигонында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін ұсынды.

Атап айтқанда әскерилерге траншейлік ұрыс әдіс-тәсілдеріне арналған жаттығулар өткізілді. Оның барысында жауынгерлер қорғаныс позициясын құрудың, қорғаныс пен шабуыл жасаудың ерекшеліктерін зерттеді. Ал нұсқаушылар оларды дауындау үшін бәрін барынша шынайы жасады.

  – Окоптық оқу-жаттығулар жау позициясын барлау, оның барысында оларға шабуылдау, окоптық жүйені құруға бағытталған. Оқу-жаттығуда жұптасып жұмыс істеу, топ арасында үйлесімділік болуы аса маңызды, – дейді арнайы мақсаттағы барлау ротасының командирі капитан Елдос Асан.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button