Абай облысыСпортТОП

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТКІЗІЛУДЕ

Спорт – адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние, елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Бүгінде ел спорты еңсесін тіктеп, қадамын нықтап, қарыштап дамып келеді.
Бүгін Аягөз қаласындағы бокстың негізін қалаушы КСРО дене шыныктыру және спорт үздігі Тулендинов Нұркасым Жылқыбайұлын және ҚР енбек сіңірген жаттықтырушысы Асқарбек Ақанұлы Ғизатовты еске алуға арналған бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Сатжанов Қайрат Тұрсынханович қатысып , ауданның спорт саласына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Аягөз мақтанышы» төсбелгісі, Аягөз спорт мектебінің түлегі, бокстан ҚР «Спорт шебері» маркұм Қасымов Мақсаттың анасы Слямбаева Жаңылханға « Аягөздің алтын анасы» төсбелгісі табысталды.
5 күнге жалғасатын турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен, Алматы, Шымкент қалалары және облыстардан 125 спортшы қатысатын болады.
Спортшыларымыздың еліміздің еңсесін көтеруде, мемлекетіміздің өркендеуі жолында биік белестерді бағындыруларыңызға, дүбірлі додаларда жеңістерге қол жеткізулеріне тілектеспіз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button