Абай облысыТОП

Абай облысының өнерпаздары V Көшпенділер ойындарында аясында өнер көрсетті

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында «Көшпенділер әлемі» этноауылында Абай облысының «Думанды дала» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Концертте Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншілері өнер көрсетті. Өнерпаздар қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп, өздерінің шеберліктерін жоғары деңгейде таныта білді.

Әншілердің әуезді әндері мен театр әртістерінің көркем қойылымдары көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

Шараға Астана қаласының тұрғындары, шетелден арнайы келген қонақтар және т.б. қатысты. Келушілер қазақ халқының бай мәдениетінен нәр алып, өнерпаздардың өнеріне жоғары баға берді.

Бұл шара Абай облысының мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, көшпенділердің рухани мұрасын жаңғыртуға және оны жас ұрпаққа жеткізуге ықпал етті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button