Абай облысыТОП

Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші Бесқарағай ауданында қайтадан мас күйінде көлік тізгініне отырды

Бесқарағай ПБ полицейлері бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан көлік жүргізген мас адамды ұстады. СЕМЕЙ-Долон-Қоянбай тас жолында мас күйінде көлік жүргізген 51 жастағы ер адамның басқаруымен “БМВ” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Куәландыру актісіне сәйкес алкогольдік масаң күйде болу фактісі анықталды.

Белгілі болғандай, аталған азамат 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда бұл жағдай оны тоқтата алмады және ол заңды қайтадан бұзды.

Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам рөлге мас күйінде отырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазіргі уақытта көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button