Абай облысыБілімТОП

Биыл облыста 5жаңа мектеп ашылмақ

Бұл туралы Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді.

– Семей қаласында “KAZ Minerals Demeu” корпоративтік қорының қолдауымен жаңа құрылыс ауданындағы мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бүгінде жұмыс барысы 96% – ға орындалды және осы ауданның балаларын оқу жылынан бастап мектепке қабылдай бастайды , – деп атап өтті басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы Семей қаласының Водный кенті, Қарағайлы шағын ауданы, Аягөз және Ақсуат аудандарында мектептер құрылысын аяқтау жоспарлануда.

– Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүруде. Оқу жылының екінші тоқсанында оқушылар жаңа мектепке бара алады деп жоспарлап отырмыз, – деп толықтырды Нұржан Ахметқалиев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button