Абай облысыТОП

Көкпекті ауданында облыстық маңызы бар жол жөнделуде

Көкпекті ауданында КU-14 «Көкпекті – Самарское – Васильевская өткелі» аудандық маңызы бар автожолының 22-25 және 30-32 учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жол учаскелері Үлкенбөкен және Преображенка ауылдарының орталық көшелері арқылы өтеді.

Преображенка ауылында 2 шақырымдық учаскенің жөндеу жұмыстары аяқталса, Үлкенбөкенде 3 шақырым жолдың бөлігі жаңартылуда. Мердігер – «Көкпекті жолдары» ЖШС.

Бүгінде Преображенка ауылындағы 30-32 шақырым аралығындағы учаскедегі жұмыстар толығымен аяқталып, Үлкенбөкенде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыс 2024 жылдың 20 шілдесінде басталып, учаскеге 17 адам мен 15 техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button