Абай облысыТОП

Аймақ басшысы ҚМДБ төрағасымен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдап, аймақтағы рухани мәселелер бойынша пікірлесті. Соның ішінде облыс орталығындағы көне мешіттер мен діни сауат ашу орталығының ашылуы жайы да сөз болды.

Кеше қаламызда «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды. Аумағы 2273 шаршы метрді құрайтын ғимарат 2 бөліктен тұрады. Бірінші жартысы 4 қабаттан тұратын, 100 студентке арналған «Діни сауат ашу» орталығы. Барлық заманауи талаптарға сай оқу орнында оқу сыныптары, кітапхана, асхана, тазалық, жатын, медициналық бөлмелері бар. Орталықта діни сауат ашудан бөлек ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталып, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрлер қайта жаңғырмақ.

Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі тарихи көне мешіттердің жай-күйіне тоқталып, оларды сақтау, қайта жаңғырту бойынша өтінішін жеткізіп, өңірдегі руханиятқа көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.

Аймақ басшысы өз сөзінде муфтият тарапынан қолға алынған жобаларды толық қолдайтынын жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button