Абай облысыТОП

Приречное ауылында тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жаңасемей ауданының Приречное ауылында болды. Сапар барысында ол ауылда салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

2024 жылы Жаңасемей ауданының әкімдігі екі пәтерлі 14 үйді Достық ауылдық округінде (3 үй), Ертіс ауылдық округінде (2 үй), Приречный ауылдық округінде (3 үй), Озерки ауылдық округінде (2 үй), Жиенәлі ауылдық округінде (2 үй), сондай-ақ Шаған кентінде (2 үй) сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл үйлердің жалпы ауданы 2 380 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, Шүлбі кентінде жалпы ауданы 3 536 шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы жобалардың барлығы аяқталғаннан кейін 88 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Қыркүйек айында Приречное ауылында 6 пәтер сатып алу жоспарлануда, ал қалған 22 пәтер ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында сатып алынады.

«Біз тұрғындардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керекпіз. Бұл құрылыс процесіне қатысушылардың барлығынан барынша жауапкершілікті талап етеді. Әрбір нысанның құрылысы кестеден еш ауытқусыз уақытында аяқталуы керек. Сонда ғана біз мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз етіп, олардың бізге артқан сенімін ақтай аламыз», – деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 125 отбасы тұр.

Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдағы Мәдениет үйіндегі қайта қалпына келтіру барысымен танысты. Жұмысты мердігер «Комплект Азия Сервис» ЖШС атқарған. Әкім жаңа мәдениет үйін барлық қажетті жабдықтармен, техникамен және аспаптармен жабдықтауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button