Абай облысыМәдениетТОП

Абай облысының жас вокалисі халықаралық байқауда бас жүлде алды

Абай облысының Семей жоғары көпсалалы колледжінің екінші курс студенті Дана Қасымқанова «Zhuldyz art Kazakhstan» байқауында «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

Беделді музыка сайысына Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның түрлі қалаларынан 400-ге жуық өнерпаз қатысты. Жерлесіміз байқауда «Қазағымсың» эстрадалық әнін орындады.

Өнер бәйгесі ағымдағы жылдың 6-8 тамыз аралығында жеті номинация бойынша өтті. Байқауда ұлттық мәдениеті сақтау мен дамытуға, сондай-ақ әртүрлі елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button