Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Бесқарағай ауданында «Ертіс» жаңа жылқы тұқымы таныстырылды

Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылында айтулы оқиға болды «Ертіс» аталатын қазақы Мұғалжар жылқы тұқымының жаңа зауыттық типі таныстырылды. Іс-шараға ауылшаруашылығы саласындағы жетекші ғалымдар, сарапшылар, зерттеушілер, сондай-ақ ауданның ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Қазақы жылқыларды будандастыру арқылы жаңа тип шығару жұмыстары 1968 жылдан басталды. Содан бері ғалымдар тынымсыз еңбектеніп, нәтижеге қол жеткізу үшін аянып қалған жоқ. Шара барысында селекциядан өтіп жатқан жылқыларға презентация жасалып, салтанатты түрде сынама алу рәсімі өткізілді.

Бұл Бесқарағай ауданындағы жылқылардың жаңа типіне сәтті іріктеу жүргізген екінші жағдай. Өткен жылы «Мукинов» шаруа қожалығында «Бесқарағай» аталатын қазақ жылқысының типі таныстырылған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button