Абай облысыТОП

Бородулиха ауданында көше жарығы орнатылуда

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бородулиха ауданы Белағаш ауылында көше жарығын орнатылып жатыр.

Гагарин, Телеграфная, Восточный, Бастау, Гүлдер, Элеваторная, Песчаная, Жастар, Наурыз, Кооперативная, Садовая, Школьная, Терешкова, Короткая, Южная және орталық көшелерін қоса алғанда, ауылдың 16 көшесінде 164 жарықдиодты шам орнату жоспарлануда.

Бүгінгі күні бұрғылау-кран машинасымен барлық көшелерде тіректерді орнату үшін алдын-ала жұмыстар атқарылды. Тіректердің іргетас бөлігін бетондау жүргізілді. Қазіргі уақытта Гагарин көшесінде болат, мырышталған, қырлы, конустық тіректерді орнату басталды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы инфрақұрылымды жақсартуға және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ете отырып, табысты жалғасуда. Көше жарығы жолдардағы қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, ауыл өмірі үшін қолайлы жағдай жасайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button