Абай облысыТОП

Облыста «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі аясында 130-ға жуық іс-шара өтеді

2024 жылы Абай облысында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу 3-12 тамыз аралығында ұлттық жастар онкүндігі аясында өтеді. Іс-шара  жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайту сынды бағдарламаны қамтиды. Жалпы саны 130-ға жуық іс-шара жоспарланған.

«Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігінің басты мақсаты – жастар белсенділігін дамыту, олардың білім алуы мен өзін-өзі танытуы үшін қолайлы орта құру, сондай-ақ жастардың еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатысуын ынталандыру.

«Ұлттық онкүндік шеңберінде өткізілетін іс-шаралар өз жеріне және еліне құрметпен қарауды, азаматтық жауапкершілікті, білім алу мен өзін-өзі дамытуды, кәсібилікті, еңбекқорлықты насихаттау үшін жағдай жасайды. Жұмысты тиімді үйлестіру мақсатында ұйымдастырушылық шараларды, іс-шаралар тізбесін және жауапты адамдарды қамтитын іс-қимыл жоспары әзірленеді», – деді Абай облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов.

Сондай-ақ, күнтізбеге сәйкес ұйымдастырылатын шаралар барысында үздік деп танылған жастар арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button