Абай облысыСпортТОП

Абай облысында спорттың 58 түрі дамып келеді

Өңірден Париж – 2024 олимпиада ойындарына Грек-рим күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Тұрсынов қатысады. Бұл туралы Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Бұқаралық спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Джунусов ӨКҚ брифингінде мәлімдеді.

– Олимпиада жолдамасының иегеріне жан-жақты көмек көрсетілуде айта кетсек, 2023 жылдың желтоқсан айында «Жыл үздігі-2023» Абай облысының үздік спортшылары мен спорт қызметкерлері марапаттау рәсімінде Тұрсынов Нұрсұлтанға 2 бөлмелі пәтер кілті табысталды және ай сайын 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленіп келе жатыр, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, спикер Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Биылғы жылы әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстың 453 спортшысы Қазақстан Республикасының құрама командасына енді.

Абай облысының спортшылары ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша әртүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық аренада ойдағыдай өнер көрсетіп, Республикалық және Халықаралық жарыстарда 1356 медальға қол жеткізген.

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында бүгінгі күнге дейін жеңіл атлетикадан марафондар, веложарыс, мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық жарыстар, облыстық және Республикалық 116 ірі спорттық бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Облыс бойынша 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, спорттың 58 түрі дамып келеді.

– Біздің спортшылар ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша әртүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық аренада ойдағыдай өнер көрсетіп, Республикалық және Халықаралық жарыстарда 1356 медальға қол жеткізді, – деп қорытындылады Ержан Джунусов.

https://t.me/rsk_abay

Осы айдарда

Back to top button